22 Маус 2022
Жаңалықтар дом творчества

«Туған өлкем, қандай көркем» тақырыбында Науырзым қорығының музейіне экскурсия ұйымдастырылды

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйі» КММ

Жазғы демалыс күндерінде балалардың бос уақытын қамту мақсатында  маусымның 21-і күні Балалар шығармашылығы үйінде

«Туған өлкем, қандай көркем» тақырыбында Науырзым қорығының музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларды отансүйгіштікке, өз елінің, туған жерінің табиғи құндылықтарымен,табиғатының ерекше маныздылығын қастерлей отыра, қоршаған ортаны қорғауға баулу. Сонымен қатар оқушылардың бойына өз туған өлкесі жайлы маңызды ақпараттарды молайту.

Бұл іс - шараға барлығы 9-13 жас аралығындағы 30 оқушы қатысып, оқушылар қорықтың тарихымен, орналасқан аумағымен танысты. Және қорықта мекендейтін сүтқоректілер мен жануарлардың түрлерімен, сан алуан құстардың түрлерімен, жәндіктер, өсімдіктер, соның ішінде Қазақстанның және халықаралық қызыл кітабіне енгізілген жануарлар, құстар,өсімдіктер түрлерімен танысты. Оқушылар қорықтың өз елімізде  ғана емес әлемдік маңызы бар табиғаттың бар екендігін танып білді. Экскурсия соңында орталық паркке жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар өздерімен алып келген тағамдарын, сусындарын ортаға қойып, дастархан жайып,жорық жақсы көңіл күймен аяқталды.

Экскурсияға жауапты болған ұстаз «Жаттықтырушы шебер» үйірмесінің жетекшісі: Асылов Рауан Қанатович.

Директор: Шалдыбаева А.Ж