18 Маус 2022
Жаңалықтар дом творчества

Балалар жылы 2022

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйі» КММ

 

«Балалар жылы 2022» бағдарламасын іске асыру мақсатында Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып17 маусымда, жазғы демалыс кезінде балаларды бос уақытын қамту мақсатында  «Әкем,анам және мен» атты эстафеталық жарыс  өткізілді.

Мақсаты: Балаларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа және төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Ұйымдастырушысы «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі: Казиева Оразгуль Нурлановна.  Сайыс жеті кезеңнен құрылды. Бірінші кезең: «Таныстыру», бұл кезеңде ана-аналар мен оқушылар топтың атын, ұранын және эмблемаларын жасады. Екінші кезең «Кедергілер» бөлімі деп аталды. Бұл кезеңнің басты шарты кедергілердің арасымен допты жерге соғып жүгіру. Келесі кезең    «Қапшықпен» секіру. Бұл жерде оқушылар мен ата-аналар  кезектесіп   қапшықты киіп алып белгіленген жерге дейін секіріп барып, орнына қайта оралды. Бұл кезеңде жылдамждық ескерілді. Төртінші «Такси» кезеңінде жүргізуші таңдалып бір жағадан екінші жағаға спортқа арналған шеңбермен адамдарды тасымалдау қажет болды. Келесі ойынның түрі «Шөлімізді қандырайық».Бұл ойында ата-аналар мен оқушылар қасықпен су тасып жарысады. Бесінші «Кенгуру»  кезеңнің басты шарты допты екі аяқтың ортасына қысып, жылдам жүгіру. Сайыстың соңғы кезеңі «Ойлан тап» деп аталады. Белгіленген жерде есеп тұрады.Балалар жүгіріп барып есепті ата-анасына әкеліп беріп ,бірге шығару керек.

         Бұл сайысқа  4 ата-ана және 4 оқушы қатысты. «Жамбыл», «Жұлдыз,» «Қыран» және «Бүркіт» сынды өз топтарына атаулар  қойып,эмблемалар  жасады. Балалар мен ата-аналар өткізілген эстафеталық ойынға белсене қатысып, көңілді күймен  жарысымызды  аяқталды.

Сайыс қортытындысы бойынша әділқазылардың бірауыз шешімімен, ең жоғары ұпай санымен, Бас жүлдеге -  Рамазан Жанерке  және анасы Алдажуманова Айгуль ие болды. Жүлделі 1-ші орынға Әлтай Аруза мен  анасы Абенова Алтынай иеленсе, 2-ші орынға Мейіржан мен әпкесі Утегенова Ақжұлдыз және 3-ші орынға Бейбарыс  пен әпкесі  Касымова Ақмарал иеленді. Барлық қатысушыларға мадақтама грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

 

Директор: Шалдыбаева А.Ж.