17 Маус 2022
Жаңалықтар дом творчества

Жазғы сауықтыру алаңы.

 Жазғы сауықтыру алаңы.

 

Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде

1 маусыммен 15 маусым аралығында  «Балауса бағым,шаттық пен қуаныш ордасы» атты жазғы сауықтыру алаңы өткізілді.

 

 Мемлекет басшысы биылғы 2022 жыл балалар жылы,балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін және «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»-деп атап өткен болатын. Осыған орай «Балауса бағым,шаттық пен қуаныш ордасы» атты жазғы сауықтыру алаңы ұйымдастырылды.

 Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады.   Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

       Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орта-лагерь екені даусыз.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?

        Осы мақсатта біздің Балалар шығармашылығы үйі жанындағы сауықтыру лагері ұйымдастырылды,осы өткізілген сауықтыру алаңының ата-аналарға және оқушыларға септігі тиді деген ойдамыз.

    Жазғы Балалар шығармашылығы үйі жанындағы лагерь оқушыларының жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етеді,олар алған тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік алады. Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім алуын қалыптастырады.

 

      Осы екі жетілік сауықтыру алаңында Балалар шығармашылғы үйінің ұстаздары балалардың бос уақытын тиімді әрі маңызды өткізуге белсене ат салысты. Лагердің әрбір күнін есте қаларлықтай қызықты әртүрлі  эстафеталық ойындармен, мектеп жанындағы стадионда спорттық жарыстармен,бимен, кітапханаға және Науырзым қорығының мұражайына жорықтар өткізіп оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді.

Жазғы сауықтыру алаңының соңғы қорытынды күнін оқушылармен жорыққа шыға отыра «Спорт –біздің досымыз» атты сайыс өткізіліп, жорық соңында жалпы он күн бойы белсене қатысқан балаларды марапаттап ,тәтті шырын үлестірілді. Және сонымен қатар осы жазғы сауықтыру алаңында балалармен жұмыс жасаған ұстаздарда марапатталды.Балалар ұстаздарына алғыстарын білдіріп үйлеріне жақсы көңіл күйлерімен тарады.

Біздің Балалар шығармашылығы үйінде балалардың бос уақытын қамту мақсатында  жоспар бойынша  жазғы демалыс күндерінің әр жетісінде бір іс-шара  өткізудеміз!

 

Балалар шығармашылығы үйінің директоры: Шалдыбаева Асемкуль Жанбулатовна.