04 Маус 2022
Жаңалықтар дом творчества

«Туған өлкеге саяхат»

Қостанай әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының Балалар шығармашылығ үйі» КММ

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 5-маусым Қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Туған өлкеге саяхат» атты аудандық, экологиялық семинар өткізілді.

 

Маусымның екісінде «Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйі» мен «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының» ұйымдастыруымен, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 5-маусым Қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Туған өлкеге саяхат» атты аудандық, экологиялық семинар өткізілді.

2021 жылдың қазан айынан бастап Балалар шығармашылығы үйінде қосымша білім беру педагогі Утелбаева Гүлнұр Аманжолқызының жетекшілігімен «Жас туристер станциясы» үйірмесінің жұмысы жүргізілуде. Осыған қатысты, үйірме жетекшісі туризм бағытында туристік іскерліктер мен дағдыларды дамыту мақсатында, сәуір айының 25 жұлдызы мен мамырдың 6 аралығында туризм нұсқаушыларына арналған «Туристік – өлкетану және саяхат жұмысын ұйымдастыру әдістері» тақырыбында 80 академиялық сағаттық көлемде біліктілікті арттыру курсын аяқтап келген болатын. 

Семинардың мақсаты, осы біліктілікті арттыру курсынан көріп – білген тәжірибелермен алмасу, білім беріп жатқан оқушылардың бойына отансүйгіштік, дене және эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, ұжымшылдық, бастамашылық және еркіндік сезімдерге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.  

Аудандық семинарға Науырзым ауданының және ауылдық округтарының туризм, экология және спорттық бағыттағы білім беретін педагогтары қатысты.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.

Семинардың теориялық бөлімі сағат 9:00-де «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының» Келу орталығында өткізілді.

Семинардың теориялық бөлімі барысында:

1. «Туристік өлкетанушылық дағдылар мен іскерліктер» тақырыбында Балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогі, «Жас туристер станциясы» үйірмесінің жетекшісі Утельбаева Г.А. презентация көрсетіп, өзінің іс - тәжірибелерімен бөлісті.

2. «Туристік құрал-жабдықтар. Жеке және топтық құралдар» тақырыбында Балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогі, «жаттықтырушы шебер» үйірмесінің жетекшісі Асылов Р.К. баяндама жасады.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының, экология ағарту бөлімінің нұсқаушы – экскурсоводы Қойлибаева А.Ж. жорықтар мен саяхаттарға шыққандағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Семинардың практикалық бөлімі сағат 11:00 – ден 16:00-ге дейін жалғасты.

Семинарға қатысушылар Бетағаштан-Бұлақ соқпағына дейін 5 км қашықтықта жаяу маршрутпен жүріп өтіп, экскурсия жасады.

Бұлақ соқпағында шатыр тігіліп, туристік жеке, топтық, арнайы құрал-жабдықтар көрсетілді. Семинар соңында балалар шығармашылығы үйінің басшысы Шалдыбаева Асемкүл Жанболатқызы мен Науырзым мемлекеттік қорығының экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Жасұлан Қазымжан семинарға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, белсене қатысқандары үшін мақтау грамоталарымен марапаттады.