02 Маус 2022
Жаңалықтар дом творчества

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі тойланды.

 

          Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Осыған орай  1 маусым күні Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы»  тақырыбында, «Балалар жылы» және 1 маусым – Балаларды  қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларда «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

         Меркелік іс-шараға орай Балалар шығармашылығы үйінің ұстаздары «Микки-маус» ретінде киініп, оқушыларды қарсы алды. Іс-шараның басында балалар көңілді әуендерге флешмоб биледі. «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Касымова Акмарал Алимханқызы балалардың сүйікті әндеріне караоке айтқызды. Мерекеге келген ең кішкентай бүлдіршіндермен Қуанышева Жанар Жаукеқызы мен Казиева Оразгуль Нұрланқызы іс-қимыл ойындарын ойнатқызды. Ал үлкен оқушылар болса, 4 топқа бөлініп, 3 кезеңнен тұратын қызықты ойындар ойнады. Бірінші кезең іс-қимыл ойыны, ұйымдастырған Р.К. Асылов пен Т.М. Молдакәрім. Келесі кезеңдегі интеллектуалдық ойынды Стамкулова Гулаим Бейсенбекқызы ұйымдастырды. Ал соңғы кезең мозаика құру. Оқушылар мозаика құрып, құрастырылған мозаикада белгіленген жерден  өздеріне сыйлықтар алды. Мекеменің директоры Шалдыбаева Асемкуль Жанбулатқызы Балалар шығармашылығы үйінің үйірмелеріне жыл бойы белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады. Мерекелік іс-шараның соңында барлық оқушыларға балмұздақтар, шырындар мен тәттілер берілді.

Балалаларымызға тәтті сыйлықтарды тарту еткен демеушілеріміз, жеке кәсіпкерлер Омарова Жанарға, Галиева Ботагозге және Науырзым ауданы Қарамеңді селосы №20 Өрт сөндіру бөлімінің ұжымына АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.

Балтабай Диана Сакеновна

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары