26 Қар 2020
Страницы Дом детского творчества

Педоготар ассоциациясы

Педоготар Ассоциациясы

 

 

Науырзым ауданының білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында «Науырзым аудынының білім беру бөлімі» ММ 2020 жылдың 10 қарашасындағы № 82 бұйрығымен Науырзым ауданы педоготарының ассоциоциясы құрылды. Ассоциациясының міндеттері

педагогтармен кәсіби қарым-қатынасты, тәжірибе алмасуды, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

* педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылар үшін қоғамдық маңызы бар білім беру іс-шараларын (конкурстар, фестивальдар, мастер-кластар және т. б.) ұйымдастыру;

* Науырзым ауданының білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;

* педагог қызметкерлердің инновациялық тәжірибесін түрлі нысандар мен ресурстар арқылы тарату болып табылады.

2020 жылдың 11 қараша күні Ассоциациясының бірінші отырысы өткізілді. Отырыста «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқарысы» ММ жіберілген тапсырмасы бойынша  биология пәнінен 7-9 сыныпқа (қазақ сыныптарына) арналған квест тапсырмаларын құру бойынша сұрақтар қаралып, облыстық көлемдегі педагогтер ассоциациясына кіргізілген мұғалімдер өздерінің жасаған квест тапсырмаларымен аудандық көлемде тәжірибелерімен алмасты.

2020 жылдың 18 қарашасы күні Докучаев орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Хусаинова М.Е., Жамбыл орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Куникеева Д.Н. Амангелді ауданы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің сұранысы бойынша Амангелді ауданының мұғалімдерімен аймақтық көлемде квест тапсырмалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.