26 Қар 2020
Страницы Дом детского творчества

Мектеп туралы

Науырзым ауданының Білім беру бөлімінің

«Балалар шығармашылығы үйі» ММ

 

Балалар шығармашылығы үйі 2001 жылдың 1 Наурызынан бастап жұмыс атқарып келеді. Басты мақсатымыз — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс, бос уақытта еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту, дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай бағытта айналысуына, әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауда алатын орны ерекше. Қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ұйымымыздың қызметінің басты ерекшелігі - балалар мен жасөспірімдерге өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беру, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін өз еріктерімен таңдау. 

Балалар шығармашылық үйінде бүгінгі күні 13 үйірме жұмыс жасайды. Және де биылғы оқу жылына «Спорттық» үлгіде 1 үйірме ашылды. Балалар саны 410. Үйірмелер бағыты әртүрлі: хореография, театр, ұлттық ойындар, вокал және т.б.  Үйірмелерді атап өтетін болсақ: қолөнер үйірмелері: «Шаңырақ» және «Шебер қолдар», «Өркен театр» үйірмесі, «Вокал»,  «Би», «Домбыра» ,«Ағылшын», «Бейнелеу өнері», «Жаттықтырушы тренер», және «Робототехника  1», «Робототехника  2», «Жас эколог», «Театр» үйірмелері. Мұғалімдер саны: 13.  Оның ішінде жоғары білімді: 12 мұғалім, орта білім: 1, бірінші санатты мұғалімдер саны: 4, екінші санатты: 1. Жыл сайын мұғалімдер тәжірбие алмасып және біліктілік арттыру курстарынан өтіп отырады.

Мұғалімдеріміздің жетістіктерін айтар болсақ, сырттай қашықтықтан сапалы сабақтар ұйымдастырғаны үшін Қуанышева Жанар Жаукекызына, Стамкулова Гулаим Бейсенбековнаға  Касымова Акмарал Алимхановнаға Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығынан» арнайы куәліктер ұсынылды.

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы», «Біз біргеміз!» атты облыстық қашықтық конкурсына жүлдегерлерді сапалы дайындағаны үшін педагог Касымова Акмарал Алимхановна сертификатпен марапатталды.

Білікті ұстаздардың бастамасымен оқытушыларымыз жыл сайын түрлі бағыттар бойынша конкурстар мен мәдени іс-шараларға қатысып, өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсетуде. Атап айтатын болсақ:  Биылғы 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында «Шаңырақ» үйірмесінің жетекшісі Қуанышева Жанар Жәукекызының оқытушысы Аралбай Құндыз облыстық «Жас Дарын» қолөнер шеберлерінің байқауына қатысып, «табиғи материалдар» номинациясы бойынша  1орынға иеленді. Республикалық «Жас Дарын» байқауына жолдама алып, қазан айында Шымкент қаласына барып келді.  Қараша айында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші  бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғыру-ұлттың сарқылмас байлығы» атты көрмесінде Балалар шығармашылығы үйі 2 орынға иеленді. Бұл жетістіктер 2019-2020 оқу жылының бастамасы.
Ал біздің оқушыларымыздың Республикалық  облыстық байқауларда жүлделі орын алған оқушыларды атап өтетін болсақ. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында қашықтықтан өткізілген «Сайра  бұлбұл» Республикалық интернет байқауының 1- дәрежелі диплом жүлдегері Аралбаева Аружан марапатталды.

Қосымша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Абай әлемі» Республикалық сырттай  байқауға қатысып Төлеубек Аяжан сертификатқа ие болды.

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы», «Біз біргеміз!» атты облыстық қашықтық жастар патриотті форумынан «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтам!» наминациясынан 3- орынға Төлеубек Аяжан  марапатталды.

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы», «Біз біргеміз!» атты облыстық қашықтық жастар патриотті форумынан қатысып сертификатпен Адай Сымбат марапатталды.

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы», «Тез, дәмді,әдемі!» жас аспазшылар мен кулинарияға арналған облыстық қашықтық байқауында «Жас пицмейкер» атты номинацияға ие болып 3- орын алған Байзақова Айымкүл.

Биылғы оқу жылы Коронавирустық инфекцияның таралуына  жол бермеуге байланысты шектеу шараларын қолдана отырып,  қосымша білім беру ұйымдарында оқушылардың сабаққа қатысуы, ата- аналарының рұқсат қағаздарына қол қойылуымен байланысты болмақ. Оқушылар ережеге сай маска тағып,  арақашықтық сақтай отыра үйірмелердің жұмыстары жүргізіледі.