26 Нау 2021
Страницы Дом детского творчества

Іс-шаралар

 Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде

Наурыз мейрамы қарсаңында бірқатар іс-шаралар өткізілді

  1. Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл әз-Наурызға да келіп жеттік. Осыған орай Балалар шығармашылығы үйінде Ұлыстың ұлы күнін атап өту шаралары да басталып кетті. Ең алдымен мейрам қарсаңында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік концерт өткізілді. Барлық қатысушылар, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, мерекенің сәнін келтірді. Концерт барысында оқушылар ән-салып , күй тартумен қоса, халқымыздың салт-дәстүрлерін де көрсетті. Атап өтсек, бала дүниеге келген соң, сәбиге азан шақырып «Есім қою» дәстүрін «Театр» және «Бейнелеу өнері» үйірмелері көрсетті. Нәрестеге есім қойылып болған соң, «Бесікке салу» дәстүрін «ағылшын» және «Робототехника» үйірмелері көрсетсе, «қырқынан шығару» дәстүрін «Вокал» мен «Шаңырақ» үйірмелері орындады. Соңғы болып, «тұсау кесу» дәстүрін көрсеткен «жас эколог», «дебат» үйірмелері болды. Салт –дәстүрлергүе оқушылардың ата-аналары , әжелері де белсенді қатысты. Мерекелік концерт барысында көрермендерге шашу шашылып, сыйлықтар берілді. Осындай іс-шаралар оқушылардың бойына салт-дәстүрді қастерлеп , құрметтейтін қасиеттерді дарытады.
  2. 15 наурыз күні Ұлттық ойындар ойнатылды. Ұлттық ойындар – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы. Өткізілген ойындарды атап өтсек, «Асық ату», «Арқан тарту», «Қол күрес» т.б.. Бұл ойындар  ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-бабаларымыз тойларда, жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған. Ұлттық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесінің көрінісі де болған. Оқушылар ойындарға белсенді атсалысып , қызығушылықпен қатысты.Ұлттық ойындарды ұйымдастырған «Спорттық ойындар» үйірмесінің жетекшісі Асылов Рауан Қанатұлы. Ұлттық ойындар аяқталған соң оқушыларға ұлттық тағамдардан дәм тату болды. Ұстаздар бауырсақтың түр түрін, құрт, май, сүзбе, айран тағы басқа ұлттық тағамдар әзірлеп әкелді. Наурыз меркесінің басты тағамы Наурыз Көже де оқушыларға таратылды.
  3. 16 наурызда "Ою-өрнек- өрелі өнер" атты мастер-класс өткізілді. Мақсаты: Ұлттық ою-өрнектің шығу тарихы, олардың түрлері туралы түсінік беру. Наурыз мейрамының қарсаңына орай бір бағыты үш үйіменің ( "Шаңырақ" үйірмесі. Жетекшісі: Қуанышева Ж.Ж "Шебер қолдар"үйірмесі. Жетекшісі-: Шалдыбаева А.Ж "Сурет" үйірмесі. Жетекшісі: Стамкулова Г.С) ұйымдастыруымен Балалар шығармашылығы үйінде "Ою-өрнек-өрелі өнер" атты мастер – класс өткізілді. Мастер классқа жиырманың сыртында оқушылар қатысты. Сабақ барысында оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар берілді. Атап айтсақ: ою-өрнекті түрлі-түсті қағаздан ойып, ыдыс-аяққа орналастыру. Сонымен қатар ою-өрнектің геометриялық түрін пайдалана отырып құмыраға орналастыру. Желім мен тоқыма жіпті пайдалана отырып, жапсырмалау арқылы қамзолды әшекейлеу. Тоқыма жіпті ұсақтап қию арқылы желіммен ою-өрнекке жапсырмалап, текемет құрастыру. Акварель краскасын пайдалана отырып, сандық бетіндегі оюларды бояу. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылардың қызығушылығы зор болды. "Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық". Ендеше бабаларымыздан қалған осындай өнерді.қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.

Балалар шығармашылығы үйінде барлығы асыға күткен көктемнің керемет мерекесі осылайша тойланды.

 


Үндестік облыстық жобасы аясында

«Толағай» спорттық ойындар сайысы өткізілді

 

Қостанай облысының білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» облыстық жобасы аясында Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде «Толағай» атты ата-аналар және оқушылар арасында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жақсарту. Ұйымдастырушысы «спорттық ойындар» үйірмесінің жетекшісі Асылов Рауан Қанатұлы.  Қатысушылар қатарында робототехника, вокал, жас эколог, спорттық ойындар үйірме оқушылары және ата-аналар болды. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: «сәлемдесу», бұл кезеңде ана-аналар мен оқушылар топтың атын, ұранын және эмблемаларын жасады.  Екінші кезең «пингвиндер» бөлімі деп аталды. Бұл кезеңнің басты шарты допты екі аяқтың ортасына қысып, жылдам жүгіру. Келесі кезең «көңілді баскетбол» деп аталды. Бұл жерде оқушылар мен ата-аналар кезектесп допты себетке лақтырды. Төртінші «көлбақа» кезеңінде қатысушылар қапшықты киіп алып белгіленген жерге дейін секіріп барып, орнына қайта оралды. Бұл кезеңде жылдамждық ескерілді. Келесі ойынның түрі «мергендер» деп аталды. Қатысушылар дартс дротиктарын ату арқылы шарларды жарып, белгіленген суреттерден мозаика құрады.  Сайыстың соңғы кезеңі «Кім жылдам?» деп аталды. Қатысушылар теннис ракеткасына шарикті қойып, құлатпай белгіге дейін жүгіріп, қайтып оралды.

Сайыс қортытындысы бойынша әділқазылардың бірауыз шешімімен, ең жоғары ұпай санымен, 1-ші орынға -  Ислям Алишер  және анасы Касымова Акмарал ие болды. Жүлделі 2-ші орынға Рамазан Жанерке және анасы Алдажуманова Айгуль, 3-ші орынға Әлтай Аруза мен Абенова Алтынай иеленді. Сонымен қатар сайысқа белсенді Серікбай Ералы және анасы Нүрсеитова Жібек және Куринько Арсений, анасы Куринько Елена қатысты. Барлық қатысушыларға мадақтама грамоталарымен сыйлықтар табысталды.


Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының  «Науырзым  ауданының

Балалар шығармашылығы» үйі К.М.М.

 

№ р/с

Білім беру ұйымының атауы

Іс-шараның деңгейі (халықаралық, республикалық , облыстық)

Іс шаралардың атауы 

Жүлделі орын алған балалар саны

 

 

 

 

Бас жүлде

1 орын

2 орын

3 орын

Өңірдің атауы

1

Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының  «Науырзым  ауданының

Балалар шығармашылығы» үйі К.М.М.

Республикалық

«Ұлыстың ұлы айы, Наурыз!» атты І Республикалық онлайн байқауының «Қол өнер» номинациясы бойынша. Нұрахметова Гүлім

 

І дәрежелі

диплом

 

 

2

 

Республикалық

«Ұлыстың ұлы айы, Наурыз!» атты І Республикалық онлайн байқауының «Мәнерлеп айту» номинациясы бойынша. Дүйсенқызы Аружан

 

І дәрежелі

диплом

 

 

3

 

Республикалық

«Ұлыстың ұлы айы, Наурыз!» атты І Республикалық онлайн байқауының «Қол өнер» номинациясы бойынша. Беркенова Диана

 

І дәрежелі

диплом

 

 

4

 

Республикалық

«Ұлыстың ұлы айы, Наурыз!» атты І Республикалық онлайн байқауының «Мәнерлеп айту» номинациясы бойынша. Арыстанұлы Мейіржан

 

І дәрежелі

диплом

 

 

5

 

Республикалық

«Ұлыстың ұлы айы, Наурыз!» атты І Республикалық онлайн байқауының «Эссе» номинациясы бойынша. Төлеубек Аяжан

 

І дәрежелі

диплом

 

 

6

 

Республикалық

8 Наурыз «Халықаралық аналар» мерекесіне орай «SAMURYQ» ONER-BILIM орталығының ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық «Анама сыйлық» байқауының жеңімпазы. Жұмағұл Нұрдана

 

І дәрежелі

диплом

 

 

7

 

Республикалық

«Ән салу өнер» номинациясы бойынша композитор Дина Кенжеқызы Нүрпейсованың 160 жылдығына арналған «Алты Алаштың күй анасы -Дина» ІІ Республикалық шығармашылық конкурс- фестивалінің жеңімпазы Искакова Акниет

 

І дәрежелі

диплом

 

 

8

 

Республикалық

«Аналар-Асыл жандар». «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Ислям Бекарыс.

 

І дәрежелі

диплом