26 Қар 2020
Страницы KZ Дом детского творчества

Мектеп туралы

«Балалар шығармашылығы үйі» ММ

 

Балалар шығармашылығы үйі 2001 жылдың 1 Наурызынан бастап жұмыс атқарып келеді. Басты мақсатымыз — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс, бос уақытта еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту, дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай бағытта айналысуына, әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауда алатын орны ерекше. Қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ұйымымыздың қызметінің басты ерекшелігі - балалар мен жасөспірімдерге өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беру, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін өз еріктерімен таңдау.